» » Қазақ тілі халықтың ең қадірлісі

Қазақ тілі халықтың ең қадірлісі


Қазақ тілі-қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі.  Тілді көзіміздің қарашығындай сақтап, мемлекеттік мәртебесін арттыру бағытындағы жұмыстар бір күн де, бір сәт те тоқтамауы керек.  Сот жүйесінде істердің басым бөлігі қазақ тілінде қаралады. Алайда, әлі де болса талап арызын орыс тілінде жолдайтындар да бар. Мұндай кемшілік мемлекттік мекемелер, қаржы ұйымдары тарапынан да орын алады. Оның себебін арыз-шағымды орыс тілінде жазудың жеңілдігімен, істерді қараудың ыңғайлылығымен түсіндіріп жатады. Қазіргі таңда арыз-шағымдардың мемлектетік тілдегі үлгісі барлық сот ғимаратында көрнекі жерде тұрады. «Сот кабинеті» сервисіне кірген азаматтар да өзіне қажетті құжаттың үлгісін кедергісіз ала алады. Тек қазаз тілін үйренуге, қолдануға деген ниет болса болғаны.
Мемлекетіміздің заң жүзінде бекітілген басты тілі-қазақ тілі.  Жалпы алғанда, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңның 4 бабында Қазақстан Республикасының мемлекттік тілі-қазақ тілі екені, мемлекттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі екені дәйектелген. Алайда, еліміздің Қылмыстық процестік кодексте, Азаматтық процестік кодексте сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді деп көрсетілген. Істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтінішхаты бойынша сот ұйғарымымен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге болады. Яғни егер азаматтар өз қалауымен шағымды орыс тілінде жазса, іс орыс тілінде қаралады. Оны тараптардың қалауынсыз соттың өзгертуге құқығы жоқ.
Байқап жүргеніміздей мекеме заңгерлері, адвокаттар арыздарды орыс тілінде рәсімдеуге әуес. Себеп ретінде, өзі ойын айқын жеткізу үшін істің орыс тілде қаралғаны ыңғайлы екенін алға тартады. Соның салдарынан бүгінде сот отырысына қатысатындардың барлығы қазақ болғанына қарамастан, іс орыс тілінде жүргізіліп жататын жәйттар да кездеседі. Мұндай жағдай орын алмас үшін, тілге қатысты талапты мейлінше жоғарылатын, мемлекттік тілге деген жанашырлықты, сүйіспеншілікті орнықтыру қажет.
Е.Мәтжанов,
Қармақшы аудандық соты әкімшісінің басшысы

22 шілде 2025 ж. 62 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№55 (10423)

26 шілде 2025 ж.

№54 (10422)

22 шілде 2025 ж.

№53 (10421)

19 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 141
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031