
Адалдық
Өмір үлкенге де, кішіге де бірдей. Саған тәңір уақыт беріп тұр. Тірлікпен айналыс, уақытыңды бос жіберме, елге немесе өзіңе, жанұяңа пайдалы іс жаса деп берілген уақыт. Ал оны қалай өткізу сенің ақылыңа байланысты. Ақылың не дейді?.. Жат па, әлде пайдалы істі жасауға жұмсай ма, әлде біреуге зияны тиетін іске...




















