» » “Көңілді жаз - 2026”

“Көңілді жаз - 2026”

Қармақшы ауданындағы Ү.Томанов атындағы №183 орта мектебінде “Көңілді жаз - 2026” тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
Аталған семинарға аудан бойынша барлық білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп медбикелері қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын қауіпсіз, пайдалы әрі тиімді ұйымдастыру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Жиын барысында:
- жаз мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары;
- тазалық пен санитариялық талаптарды сақтау;
- жасөспірімдер тәрбиесі;
- балалар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, Қармақшы аудандық Отбасын қолдау орталығы психологының тарапынан зорлық-зомбылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингтің зияны, бала құқығын қорғау және психологиялық қолдау көрсету бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
Осындай тағылымды кездесулер өскелең ұрпақтың қауіпсіз әрі саналы ортада тәрбиеленуіне оң ықпал етеді.
29 мамыр 2026 ж. 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30