» » ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҮШІН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҮШІН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ


Оқушылардың жазғы демалысын және бос уақыттарын, жазғы лагерь жұмысын тиімді ұйымдастыруға әдістемелік көмек беру, күндізгі тынығу лагеріне тиісті санитариялық - эпидемиологиялық талаптармен таныстыру, құқық бұзушылық пен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында «Көңілді жаз-2024» тақырыбында семинар өтілді.

Семинарға аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева, аудан прокурорының орынбасары З.Гичиев, аудандық санитариялық –эпидемиологиялық бақылау бөлімі басшысының орынбасары А.Әбжаппарова, төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ө.Сақтабаев, аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары полиция майоры О.Ешжанов, Қармақшы аудандық инфекционист маманы Ұ.Әбдулхамитов, Оқушылар үйінің мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ф.Жұмағазықызы және мектеп директорлары, әлеуметтік педагогтар, медбикелер, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар қатысып, оқушылардың жазғы демалысын және бос уақыттарын, жазғы лагерь жұмысын тиімді ұйымдастыру барысын жан-жақты талқылады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен бекітілген «2024-2026 жылдардағы жазғы демалыс кезінде балаларды сауықтыруын, демалысын,бос уақытын өткізуге бағытталған іс шаралар» жоспары басшылыққа алынып , балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге, олардың тиімді демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыруға, ғылыми, техникалық, көркемдік шығармашылықта, біліктілігін кеңейту және тереңдетуге байланысты жұмыстар жүргізілетіні айтылды.

20 мамыр 2025 ж. 253 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 640
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 408

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031