» » КӨҢІЛДІ ЖАЗ – 2019

КӨҢІЛДІ ЖАЗ – 2019

Жаз – балалардың үш ай каникулға шығатын мезгіл. Осы кезеңде бала қауіпсіздігін сақтау аса маңызды шаруа. Оқушылардың жазғы демалысы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру, лагерь жұмысына әдістемелік көмек беру,  санитарлық-эпидемиологиялық талаптармен таныстыру. Сондай-ақ, құқық бұзушылықтың алдын алу секілді бірқатар мәселелер О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектепте өткен «Көңілді жаз – 2019» тақырыбындағы аудандық семинарда кеңінен сөз болды.
Семинарға мектеп директорлары, әлеу­меттік педагогтар, медбикелер, күндізгі тынығу лагерінің директорлары, аспаздар қатысты. Басқосуға аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқын Омаров модераторлық етті. Аталған ша­ра – балалар мен жасөс­пірімдердің ден­сау­лығын нығайтуға, олардың жаз мез­гі­ліндегі уақытын мазмұнды өткізуге, аза­маттық сана-сезімі мен мәдениетін қалыптастыруға, сонымен қатар, шығар­машылыққа баулуға бағытталды.
Семинарда «Балалар мен жасөс­пірім­дерді тәрбиелеу білім беру объектілеріне санитарлық-эпиде­мио­ло­­­гиялық талаптар» тақырыбында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының сани­тарлық-гигиеналық қадағалау және тех­­ни­калық талаптарының сақталуын ба­қылау бөлімінің басшысы Гүлназ Медеуова, «Тамақтан уланудың алдын алу» тақырыбында осы басқарманың жұқ­палы аурулар бөлімінің бас маманы Сәу­ле Сайымбетова, «Мемлекеттік білім бе­ру мекемесіндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын түсіндіру» тақырыбында аудан әкімдігі аппаратының бас инспекторы Нұрлан Түйебаев, «Өрт, су қауіпсіздік ережелерін қамтамасыз ету» тақырыбында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Өмірбек Сақтабаев, «Жазғы демалыс уақытында жасөспірімдердің құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Ү.Томанов атындағы №183 орта мектептің мектеп инспекторы, полиция капитаны Асылбек Сәулеевтердің хабарламасы тыңдалды.
Мінберге шыққан сала мамандары педагог қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
– Оқушылардың жазғы тынығу лагерін жоғары дәрежеде ұйымдастыру – баршамыздың міндетіміз. Балалардың тынығу уақытын дұрыс пайдаланып, құқық бұзушылықтың алдын алуда ау­лалық клуб жұмысын жандандыру, көр­кейту-көгалдандыру, еңбек бригадаларын жүйелі жүргізу мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін арттыруда де­баттарға тартып, жүйелі жұмыс істеу керек, – деп қорытты өз сөзін аудандық білім бөлімінің басшысы. 
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
23 мамыр 2019 ж. 1 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031