» » Жазғы демалыс кезінде оқушылар үшін жүргізілетін жұмыстар барысы пысықталды

Жазғы демалыс кезінде оқушылар үшін жүргізілетін жұмыстар барысы пысықталды

Оқушылардың жазғы демалысын және бос уақыттарын, жазғы лагерь жұмысын тиімді ұйымдастыруға әдістемелік көмек беру, күндізгі тынығу лагеріне тиісті санитариялық - эпидемиологиялық талаптармен таныстыру, құқық бұзушылық пен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында «Көңілді жаз-2024» тақырыбында семинар өтілді.

Семинарға аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева, аудандық санитариялық –эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы Г.Төлепбергенова және бөлім басшысы З.Атабаева, төтенше жағдайлар бөлімінің инженері С.Әбжаева, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы Қ.Ермаханов, Қармақшы жастар ресурстық орталығының директоры Н.Пірназаров және мектеп директорлары, әлеуметтік педагогтар, медбикелер, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, психологтар, ата-аналар комитетінің төрағалары қатысып, оқушылардың жазғы демалысын және бос уақыттарын, жазғы лагерь жұмысын тиімді ұйымдастыру барысын жан-жақты талқылады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен бекітілген «2024-2026 жылдардағы жазғы демалыс кезінде балаларды сауықтыруын, демалысын,бос уақытын өткізуге бағытталған іс шаралар» жоспары басшылыққа алынып, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге, олардың тиімді демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыруға, ғылыми, техникалық, көркемдік шығармашылықта, біліктілігін кеңейту және тереңдетуге байланысты жұмыстар жүргізіледі.

25 сәуір 2024 ж. 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10324)

27 шілде 2024 ж.

№58 (10323)

23 шілде 2024 ж.

№57 (10322)

20 шілде 2024 ж.

Оқиғалар

Көк тәбішке

Көк тәбішке

12 шілде 2024 ж.

Сұхбат

Әйел алмайтын асу жоқ
16 шілде 2024 ж. 170

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 437

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031