» » АТА-АНА МІНДЕТІ - БАЛА ТӘРБИЕСІ «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»

АТА-АНА МІНДЕТІ - БАЛА ТӘРБИЕСІ «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»


Жосалы кенті орталығындағы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде «Ата-ана міндеті - бала тәрбиесі» тақырыбында ата-аналарға «Заң және тәртіп» қағидатын түсіндіру мақсатында кеңес отырысы өткізілді.

Мәжіліске арнайы құқық қорғау органдарының басшылары Қармақшы ауданының прокуроры М.Ж.Махамбетжанов, аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары О.Қ.Ешжанов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Қ. Далдиев, ата-аналар комитеті мен қоғамдық ұйым өкілдері арнайы қатысты.

Мәжілісте күн тәртібінде көтерілген мәселелер 2024-2025 оқу жылының аяқталу барысында құқық бұзушылықтарға жол бермеу, жасөспірімдер мен балалардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздігі туралы мәселелер қаралды.

Алғашқы сөзді Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы Г.М.Абдазиева алып, ата-аналармен кездесудің мақсатын түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге жасөспірімдер мен балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүргізілген жұмыстар жайлы №105 мектеп-лицейінің директоры Н. Раймовтың хабарламасы тыңдалды.

Өз кезегінде Қармақшы ауданының прокуроры М.Ж.Махамбетжанов «Ата-ана міндеті - Бала тәрбиесі» және «КИБЕРВОЛОНТЕР» қадағалау- профилактикалық іс-шаралары аясындағы жұмыстарға тоқталды.

Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, топтық төбелес, зорлық-зомбылық, суицид, буллинг, нашақорлықтың алдын алу, жазғы демалыс күндері бос уақытты тиімді пайдалану, жастардың дамуына кері әсерін тигізетін басқа да өзекті мәселелерді көтеріп, ой-пікірлерін жеткізді.

Сонымен қатар құқық қорғау органдарының қызметкерлері интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үнпарақтар таратылды.

16 мамыр 2025 ж. 126 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 769
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031