Мектеп қабырғасындағы маңызды жиын
Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде білім ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау баршамыздың міндетіміз» тақырыбында келелі жиын өтті.
Жиынға Қармақшы ауданы прокуратурасының аға прокуроры С.Абдулғазиз, білім бөліміне қарасты аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Әлиев, Қармақшы ауданының Полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Юиеналды полиция тобының капитаны Ж.Аликулов, Қоғамдық даму бөлімінің әдіскері И.Сейілханұлы, Жастар ресурстық орталығының маманы А.Асылбеков және мектептер бойынша ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты.
Жиын барысында білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева күн тәртібіндегі негізгі мәселелер ретінде мектептер бойынша тәртіпсіздікке жол берген оқушылар мен олардың ата-аналарын арнайы шақыртып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталмыш жиында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу барысындағы атқарылған жұмыстар туралы №26 мектеп директоры М.Ерғалиева мен №250 мектеп-лицейі директоры Г.Еркебаева хабарлама жасады.
Сондай-ақ, аудандық білім бөлімінің басшысы 2024 жылдың 8 айы бойынша ЖПҚб-ның ЮПт-ның қызметкерлерінің кезекшілікте анықтаған кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүрген жасөпірімдер туралы ұсынған мәліметін басшылыққа алып, мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды күшейту керектігін қатаң тапсыра отырып, қатысушы ата-аналарға бала жауапкершілігінің маңызын кеңінен түсіндірді.
Жиын соңында жиынға қатысушы қонақтар тарапынан ұсыныстар айтылып, күн тәртібіндегі мәселелерге келелі шешім шығарылды.