» » Бала тәрбиесі - ортақ жауапкершілік

Бала тәрбиесі - ортақ жауапкершілік


Бүгін Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиеваның төрағалығымен жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға бағытталған кеңейтілген жиын өтті.

Жиынға кент орталығындағы білім беру ұйымдары бойынша ата- аналар, мектеп басшылары, ювенальды полиция инспекторлары мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары және Жастар орталығының психолог мамандары қатысты.

Жиын барысында білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстарға талдау жасалып, алдағы уақытта атқарылатын міндеттер талқыланды.

- Өздеріңізге белгілі, ауданымыздағы білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, жазатайым оқиғалардың, топтық төбелестердің және түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүру жағдайларының алдын алу бүгінде баршамыздың міндетіміз. Сондықтан бүгінгі жиынымыздың басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау және оның алдын алу жөнінде профилактикалық шаралар қабылдау - деді Гүлзира Мажитқызы.

Күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ата-аналар тарапынан ұсыныс-пікір айтылып, жауапты тұлғалармен бірлесе жұмыла жұмыс жасауға ниеттерін білдірді.

Жиын қорытындысымен білім беру ұйымдарының басшыларына ата- аналармен бірлесе отырып, профилактика жұмыстарын күшейту, сондай- ақ арнайы мамандар арқылы құқық бұзушылыққа бейім жасөспірімдерді анықтап жұмыс жүргізу жүктелді.
Білім бөлімінің басшысы - күн тәртібіндегі мәселе әрдайым өзекті және аудан әкімдігінің қатаң бақылауында болатынын жеткізді.

15 тамыз 2023 ж. 440 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 250

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 351

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930