» » Құқық бұзушылықтың алдын алу

Құқық бұзушылықтың алдын алу

qarmaqshy-tany.kz Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылық, топтық төбелес, әлімжеттік, суицид, зорлық-зомбылық, кибербулингтің, жыныстық тиіспеушіліктің және төтенше жағдайлар мен өрт қауіпсіздігі алдын алу мақсатында «Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау - баршамыздың міндетіміз» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуге аудандық прокуратура, полиция органы, төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымының өкілдері, мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, 9-11 сынып жетекшілері, психолог, ата-ана комитеті, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы және сондай-ақ зум платформасы арқылы елдімекендегі мектептердің жауапты мамандары мен мектеп басшылары қатысты.

Күн тәртібінде «Жасөспірімдер арасындағы кибербулингтің алдын алу», «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық - зомбылықтың, жол қозғалысы тәртібінің алдын алу», «Балалардың қауіпсіздігі - біздің басты әрі нақты міндетіміз», «Жасөспірімдерге жыныстық тәрбие беру өзектілігі», «Жасөспірімдердің жан дүниесін тәрбиелеуде психологиялық қызметтің рөлі» тақырыптарында хабарлама тыңдалып, жан-жақты талқыланды. Ұсыныстар айтылып, алдағы міндеттер нақтыланды.
07 қаңтар 2023 ж. 887 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 780
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 225

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930