» » Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау баршамыздың міндетіміз

Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау баршамыздың міндетіміз

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданында Тәйімбет Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде білім ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау баршамыздың міндетіміз» тақырыбында келелі жиын өтті.


Жиынға Қармақшы ауданы әкімі Жандос Еркінбек, аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, аудандық полиция бөлімінің бастығы Бахытбек Жарқынбаев және де бірқатар қоғам белсенділері мен білім саласының қызметкерлері, ата-аналары қатысты.

Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілді.

Аталмыш жиында аудан прокурорының орынбасары Ә.Мұратовтың кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында аудандық прокуратура, білім, полиция бөлімімен бірлесіп атқарылған жұмыстары туралы, Қармақшы аудандық полиция бөлімінің бастығы, Б.Жарқынбаевтың «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық қылмыстарының алдын алу және бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы», аудандық білім бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Г.Исламханованың «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы атқарылған жұмыстары туралы» баяндамалары тыңдалды.

Сондай-ақ, аудандық мәслихат төрағасы Ә.Қошалақов «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт мәселесі», аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков «Ұрпақ өсіру-ұлы жауапкершілік» тұрғысында өз ойларын жеткізсе, аудандық Әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева «Бала тәрбиесіндегі дәстүрлі құндылықтар мен сабақтастық» туралы, ардагерлер пулінің мүшесі, ата-ана П.Сайдалиева «Отбасы құндылықтарының бала тәрбиесіндегі маңызы» тақырыбында ата-анаға бала тәрбиесі бірінші ретте жауапкершілікпен жүктелу керектігі жөнінде сөз қозғады.
Жиын соңында Қармақшы ауданы әкімі Жандос Еркінбек және аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы атқарылған жұмыстарды саралап, жұмыстарды жандандыру бағытында тиісті басшыларға тапсырмалар берді.

15 сәуір 2023 ж. 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 124

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930