Құрылтай
» » Құқық бұзушылыққа жол жоқ

Құқық бұзушылыққа жол жоқ


А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның хаттамалық тапсырмаларына сәйкес Қармақшы аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықова, аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналды полиция тобының полиция капитаны Р.Абдрахманов аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Ә.Калназиев, "Жастар ресурстық орталығының" маманы Г.Маханова, бірлескен мобильдік топтың 8-11 сыныптардың оқушыларымен кездесуі өтті.
Мобильді топ құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шарасын өткізе отырып, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында құқықтық түсіндіру, әдістемелік көмек беру, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс, нашақорлықтың алдын алу және интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қамтылды.
Сонымен бірге 9 а сынып жетекшісі Г.Қалжанқызы арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіп, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында оқушылармен пікірлесті.
Еркін пікірлесуде мобильді топ қызметкерлеріне оқушылар өздерінің толғандырған сауалдарын қойып, толық жауаптарын алды.
28 ақпан 2022 ж. 1 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 443
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 948

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031