» » Талап – құқық бұзушылықтың алдын алу

Талап – құқық бұзушылықтың алдын алу

Бала тәртібі – басты назарда. Қазіргі таңда қоғамда кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар көбейіп барады. Осы орайда С.Есқараев атындағы №27 орта мектепте аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстардың, ерте жүктіліктің, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау» тақырыбында кездесу өтті.
Оған аудан прокуроры Ернұр Есетов, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция капитаны Гүлмира Исмайлова, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының, аудандық әйелдер кеңесі төрайымы Күлжауһар Раева, Қызылорда облыс­тық дін істері басқармасы ау­дандық дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Жалғасбек Ысқақов, аудандық білім бөлімінің басшысы Дастан Нәзікбаев, аудандық психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері Айткүл Балмаханова, Жастар денсаулығы орталығының медбикесі Аида Жеткергеновалар қатысты. Олар мектеп оқушыларының уақытын тиімді пайдаланып, зиянды әрекеттерден аулақ болуды, құқық бұзушылықтың діни тұрғысынан түсіндіріп, жаман іске бармауға шақырды. Сонымен қатар аймақ болып төбелесудің арты жақсылыққа апармайтынын тілге тиек етіп, ауызбіршілікте болуды насихаттады.
Кездесу барысында ҚР Балалар құқықтарын қорғау өкілеттілігінің мектепішілік өкілі, 9 сынып оқушысы Қ.Әбдірайым құқық бұзушылыққа қарсы жүргізген зерттеу жұмыстарына тоқталып, өзі шығарған «Жастарға үндеу» өлеңін қатысушыларға оқып берді. 9 сынып оқушыларының құқық бұзушылыққа қарсы насихаттау мақсатында түсірілген бейнероликтері тамашаланды. Жиын соңында мектеп оқушылары сала мамандарына көкейде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Осындай игі іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
06 ақпан 2021 ж. 1 257 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 427
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 234

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930