» » Салауатты ел - саналы ұрпақ.

Салауатты ел - саналы ұрпақ.

qarmaqshy-tany.kz "Құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен жұмыс жоспарына" сәйкес №108 орта мектебінің 8 - 10 сынып оқушыларына аудандық полиция бөлімі, білім бөлімі, денсаулық сақтау басқарма мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Іс - шараның мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс, топтық төбелестердің, қылмыстардың, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында мамандар арнайы кеңестер беру, әңгімелесу. Қазіргі уақытта қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстарға жол бермеу. Жиналысқа қатысқан аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықова, аудандық Жастар денсаулығы орталығының психологі Ә.Кетебаева, аудандық Жастар орталығының қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Г.Маханова, АПб–нің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры А.Ажмагамбетов өз салалары бойынша оқушыларға жан-жақты ақпарат берді. Тақырып көлемінде бейнероликтер көрсетіліп, ақыл - кеңестер айтылды.
28 қазан 2022 ж. 764 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 979
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 208

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031