Құрылтай
» » Құқық бұзушылықты болдырмау

Құқық бұзушылықты болдырмау

Жосалы кентінде орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектептің оқушылары арасында салауатты өмір сүру, суицидтің, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиынға аудан прокурордың міндетін атқарушы Ә.Мұратов, аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы Г.Исмайлова, аудандық білім бөлімінің маманы А.Тоқшылықова, жастар ресурстық орталығының басшысы С.Әділбеков, «Аманат» партиясының қызметкері, Жастар денсаулығы орталығының психологы Ә.Кетебаевалардың қатысуымен кәмелетке толмағандар арасында суицид, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында, құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі турасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиында полиция қызметкерлері тарапынан құқықтық тәрбиені санаға сіңіріп, әркім өзінің жеке басын және қасындағыларды құрметтеу керек екені айтылса, психолог тарапынан салауатты өмір сүру салты, зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстау, жеке бастың тазалығы жайлы айтылды.

22 қыркүйек 2022 ж. 712 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 443
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 948

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031