» » Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, 19.09.2022 жылы Жосалы кентінде орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектепте оқушылар арасында прокуратура, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аудан бойынша маманы, полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы, білім бөлімінің маманы, жастар ресурстық орталығы, «Аманат» партиясының қызметкерлері, Жастар денсаулығының орталығы психологтарының қатысуымен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиында құқықтық сауатсыздық, өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен әртүрлі келеңсіз жағдайларға кезігіп қалудың мүмкін екендігін, қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратыны жайлы, сондықтан құқықтық тәрбиені санаға сіңіріп, әркім өзінің жеке басын және қасындағылардың жеке басын құрметтеу керек екені айтылса, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аудан бойынша қызметкерімен кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған есептегі адамдар жайлы геоақпараттық картасы бойынша, ал дәрігерлер тарапынан салауатты өмір сүру салты, зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстау, жеке бастың тазалығы жайлы айтылды.
Жиында оқушылар өз ойларындағы сұрақтарын сұрап, тиісті сала мамандарынан тұшымды жауаптарын алды.

Қармақшы ауданының Полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі

20 қыркүйек 2022 ж. 314 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930