» » Оқушылармен кездесу өтті

Оқушылармен кездесу өтті

№105 мектеп-лицейінде оқушылар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Кездесуге аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықова, Қармақшы аудандық прокуратурасының прокуроры Е.Есетов, аудандық полиция бөлімінің зорлық-зомбылыққа қарсы ювеналды полиция тобының инспекторы полиция капитаны А.Касимова, аудандық полиция бөлімінің инспекторы Н.Баймұрзаев, аудандық емхана медбикесі Н.Үсенова қатысты.
Жиналыста сөз алған прокуратурасының прокуроры Е.Есетов оқушылар арасындағы кәмелетке толмаған балалардың бір-біріне зорлық, күш көрсетуіне қатысты қылмыстық жауаптылығын айтып өтті.
Оқушыларды қоғамдық мінез-құлық ережелерін, құқықтық білімді, өз құқықтары мен міндеттерін білуді, заңға құрмет көрсетуге үйренуді негіздеп айтып өтті. Аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықова әрбір оқушының ата-анасын ардақ тұтып, үлкенді құрметтеуге, заңды сақтауға шақырды. Жиналыс соңында полиция органдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының жадынамалары таратылып, оқушылармен кері байланыс орнатылды.
18 наурыз 2022 ж. 971 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 070
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 731

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031