» » Қылмыссыз өңір-кемел келешек кепілі

Қылмыссыз өңір-кемел келешек кепілі


Қармақшы ауданы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде «Қылмыссыз өңір-кемел келешек кепілі» жобасын жүзеге асыру аясында және 20-қараша «Балалардың құқықтарын қорғау күніне» орай құқық қорғау органдарының және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерімен ата-аналарды қатыстыра отырып кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты-оқушылар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу, балалар арасында сын-қатерлерді буллинг, кибербуллинг, зорлық-зомбылық, лудомания, телефонға тәуелділік, т.б. қауіп қатерлерді болдырмау және ата-аналарға түсіндіру болып табылады.

Кездесуге Қармақшы ауданы прокуратурасының аға прокуроры Нұржігіт Нұржанұлы, Қармақшы аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының полиция инспекторы полиция капитаны А.Касимова, «Аманат» партиясы Қармақшы аудандық филиалының консултанты Ғ.Нақыпова, аудандық «Отбасын қолдау орталығы» директоры А.Тулебеков, білім бөлімі әдіскері А.Тоқшылықова, «Жастар денсаулық орталығы» мекемесінің қызметкері Ә.Кетебаева арнайы қатысты.

Кездесуде тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қозыбақов ашып, келген қызметкерлермен таныстырып, іс-шараның мақсатын түсіндіріп өтті.

Кездесу барысында 9 сынып жетекшілер Г.Дегенбаева, Ү.Бұхарбаева, А.Қарсақбаева бала тәрбиесі жайлы арнайы дайындалған бейнеролиектер мен тренинг сұхбат өткізді.
Өз кезегінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері және қоғамдық ұйым өкілдері бала тәрбиесінің маңызы жайлы тоқталып өтті. Сонымен мектеп-лицейінің ата-аналары арнайы кейстерді қорғап, пікірлерімен бөлісті.

Кездесуді №105 мектеп-лицейінің директоры Н.Раймов қорытындылап, ата-аналардың мектеппен үнемі тығыз байланыста болып, бірлесіп жұмыстар жүргізуге шақырды.

17 қараша 2024 ж. 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 016
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 689

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031