» » Қылмыссыз өңір - кемел келешек кепілі

Қылмыссыз өңір - кемел келешек кепілі

Жосалы кенті орталығында орналасқан № 121, №27,№26 орта мектептерінде облыс прокуроры, облыс әкімі, облыстық полиция департаменті бастығымен бекітілген "Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі" жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстық іс –әрекеттерінің алдын алуды түсіндіру бағытында бірлескен кездесу өтілді.

Аудандық прокуратурасының аға прокуроры Сакен Абдулғазиз, Қармақшы аудандық полиция бөлімшесінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды тобының учаскелік полиция инспекторы Мақсат Алимбаев, аудандық аурухана психологы, жастар денсаулық орталығының психологы Кетебаева Әмина, аудандық білім бөлімінің әдіскері Тоқшылықова Ақтолқын 8-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында аудандық прокуратурасының аға прокуроры Сакен Абдулғазиз жоғарғы сынып оқушыларына беймезгіл уақыттарда ата-анасыз яғни заңды өкілінсіз жүрмеуге, кәмелет жасқа толмағандарға мейрамханлар мен компютерлік ойын клубтарында т.б заңсыз түрлі жұмыстар жасамау керектігін , Қармақшы аудандық полиция бөлімшесінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды тобының учакелік полиция инспекторы Мақсат Алимбаев қазіргі таңда жасөспімдер арасында электромобилдердің көптігі, жол қауіпсізгінің сақталмауы салдарынан түрлі жол көлік оқиғаларының орын алатындығы жайында кеңінен баяндады және де оқушыларымызға арнайы видеороиктер көрсетілді.

Жастар денсаулық орталығының психологы Әмина Кетебаева жасөспірімдерді тез дайындалатын фас-фуд тағамадары мен түролі энергетикалық сусындарды ішпеуге, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. А.Тоқшылықова қазіргі қоғамның мәселелері құқық бұзушылық, нашақорлық, лудомания, вейп, буллинг,кибербуллинг, вандализм, ысырапшылдыққа тоқталып, жас ұрпақ бойына құндылықтарды дамыту заң мен тәртіпке бас иіп, әділдік пен жауапкершілікті, бірлік пен ынтымақты, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілікті дамтытып, жасампаздық пен жаңашылдық, Тәуелсіздік пен Отаншылық жолында еңбек етуге шақырды.
11 қыркүйек 2024 ж. 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 398
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 199

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930