» » Құқықтық бірыңғай сабағы өткізілді

Құқықтық бірыңғай сабағы өткізілді

Жосалы кенті орталығындағы №105 мектеп-лицейінде құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында 8-11 сынып оқушыларына құқықтық бірыңғай сабағы өткізілді. Кездесуге Қармақшы аудандық полиция бөлімінің полицияның аға лейтенанты тергеу бөлімшесінің тергеушісі Ж.Р.Бағланбаев, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювенальды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы Қ.Ә.Еспанов және құқық қорғау саласының қызметкерлері мен мектеп әкімшілігінен жауапты қызметкерлер қатысты.
Кездесудің мақсаты-балалар мен жасөспірімдер арасындағы қаңғыбастық пен қадағалаусыздықтың алдын алу, құқық бұзушылықтың, суицид, зорлық-зомбылықтың алдын алу болып табылады.
Кездесу барысында оқушыларға әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің талаптары түсіндірілді. Әсіресе түнгі мезгілде көшеде немесе ата-анасының рұқсатынсыз ойын сауық орындарында жүрмеу керектігі жайлы оқушылармен сұхбат жүргізілді. Сонымен бірге қазіргі қоғамдағы басқа да жасөспірімдер тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар талқыланды. Кездесу соңында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.
27 қыркүйек 2022 ж. 518 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 563
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930