» » ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ


Қай уақытта болмасын қазақ халқы бала тәрбиесіне аса қатты мән берген. Баланы дұрыс бағытта тәрбиелеу – ұлт болашағы мен ел ертеңін қалыптастыру деп санаған. Бала тәрбиесі жан-жақты, үздіксіз және демалыссыз қадағалауды қажет ететін, құндылығы мен өзектілігін жоймайтын баршамызға ортақ мәселе.

Осы орайда Жосалы кентті орталығындағы №250 мектеп-лицейінде Қармақшы аудандық прокуратурасы, аудандық полиция бөлімі және аудандық білім бөлімінің жауапты сала басшылары мен ата-аналар қатысуымен келелі кездесу өтті.

Күрделі әрі ауқымды мәселелер сараланған жиында кәмелет жасына толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар жөнінде кеңінен айтылды.

Кеңесте Қармақшы аудандық прокуратурасының аға прокуроры Е.Мусаев, білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева мен аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары,полиция майоры О. Ешжанов аталмыш тақырып төңірегіндегі атқарылған жұмыстарға арнайы тоқталды.

Сондай-ақ мәжілісте аудандық ата-аналар кеңесінің төрағасы М.Әлиев арнайы сөз алып, тәртіп мәселесіне жайбарақаттық танытпай, балаларымыздың заман ағымына сай саналы тәрбиемен, сапалы біліммен қамтуда бүкіл қоғам болып қызмет етуге шақырды.

Сонымен қатар №250 мектеп-лицейінің үздік оқушысы Е.Орынбасаров жиналған қауымға жасөспірімдер атынан шығып сөз сөйлеп, бүгінде еліміздің болашақ біз секілді жастарына білім алуға, қолайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалып келе жатқандығын айтып, ендігі жерде жастар тарапынан берілген терең білім мен замануи озық идеялар еліміздің өсіп-өркендеуіне жұмсалу керек екендігін жеткізді.

Жиын соңында білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева ата-аналар мен мектеп басшыларына алдағы уақытта да оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, сабақтан тыс уақытта үйірмелерге қатыстыру, интернет желісінің зиянды жақтары туралы және түнгі беймезгіл жүріс, көлік басқармау, жолда жүргенде абай болу, тағы басқа да тиым салынған орындарда жүрмеуі тарапынан терең түсініктер беріліп, балалар қауіпсіздігі қашанда назардан тыс қалмауы керектігі ескертілді.

24 сәуір 2025 ж. 94 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10397)

22 сәуір 2025 ж.

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 630
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930