» » Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы

Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы


Қай уақытта болмасын қазақ халқы бала тәрбиесіне аса қатты мән берген. Баланы дұрыс бағытта тәрбиелеу – ұлт болашағы мен ел ертеңін қалыптастыру деп санаған. Бала тәрбиесі жан-жақты, үздіксіз және демалыссыз қадағалауды қажет ететін, құндылығы мен өзектілігін жоймайтын баршамызға ортақ мәселе.

Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөздерінің астарында терең мән-мағына бар. Жалпы, тәрбие – тал бесіктен десек те, баланың білім ордасында алатын тәлім-тәрбиесінің орны бөлек. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршін ермексаз секілді. Оны тұлғалық қалыпқа келтіру, өзіндік ерекшелігі бар, өмірден өз орнын айнымай табатын өз-өзіне сенімді азамат қалыптастыру ұстаз бен ата-ана алдындағы басты міндет.

Осы орайда ІІІ Интернационал ауылындағы N108 орта мектебінде аудан прокурорының орынбасары, аудандық полиция бөлімінің инспекторлары, аудандық білім бөлімінің жауапты мамандары, аудандық денсаулық сақтау ұйымының мамандарының қатысуымен ата-аналармен кездесу өтті.

Кездесу барысында суицидтің, жыныстық қол сұғылмаушылықтың, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, жасөспірімдермен жасалатын құқық бұзушылықтың және жол көлік оқиғаларының алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп және жоғарыда аталған бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

01 сәуір 2024 ж. 520 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 201

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728