» » Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы қадамдық жоспар

Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы қадамдық жоспар


Қармақшы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2024-2025 жылдарға арналған құқық бұзушылық, буллинг, есірткі, лудомания, вейп темекі, интернетке тәуелділіктің алдын алуға бағытталған профилактикалық бірлескен іс шаралардың қадамдық жұмыс жоспарына сәйкес Жосалы кенті орталығындағы №183, №30, №26 мектептерде оқушы ер балаларды қатыстыру арқылы жиын өткізілді.

Келелі жиынға аудан прокурорының аға прокуроры С.Абдулғазиз, төтенше жағдайлар бөлімінің инженері С.Әбжаева, аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары полиция капитаны Е.Жандарбеков, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Әлдиев арнайы қатысты.

Жиын барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева өткізіліп отырған шараның маңыздылығына тоқталып, құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің беймезгіл уақытта көшеде жүрмеуі, зиянды заттардың адам ағзасына әсері және сондай-ақ биылғы мектеп бітіруші түлектердің қоғамдық тәртіпке қайшы келетін әрекеттерге бармауы керектігі жөнінде қатаң ескерту жасап, осы мәселелерге қатысты құқық қорғау органдары қызметкерлеріне өзіндік ұсыныс талап тілектерін жеткізді.

Сонымен қатар бүгінгі шараға қатысушы алқалы әкімшілік тараптарынан да жасөспірімдер болашағына қатысты ой- пікірлер айтылып, құқық бұзушылықты алдын алу оны болдырмау мақсатындағы атқарылып жатқан жұмыстар барысы туралы ақпараттар берілді.

04 мамыр 2024 ж. 736 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 053
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 721

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031