Түлекке тілек: Біліммен биікке қадам

Бүгін баршамыз үшін ерекше күн. Еліміздің барлық өңіріндегі орта мектептерде кезекті оқу жылы аяқталып, мерекелік күнге ұласуда.
Бұл мерекені оқушы, мұғалім және ата-аналардың білім жолындағы атқарған еңбектерінің ортақ жемісі деп білемін.
Ауданымызда тағылымды тарихы бар 30 білім ошақтарынан биылғы жылы 903 мектеп бітірушілер болса, оның 823-і (91,1%) ҰБТ қатысады.11 сынып бітірушілердің «Алтын белгіге» үміткер саны - 60,«Үздік атестатқа» үміткерлер саны - 82. Бұл мыңдаған баланы білім нәрімен сусындатып, жемісті еңбек ете білген ұстаздар қауымының еңбегінің нәтижесі.
Сонымен қатар білім беру – ұстаздар үшін ғана емес, тұтас қоғам үшін қастерлі парыз. Білім алу – еңселі ел болуды мақсат тұтқан әрбір жан үшін қасиетті борыш деп білеміз.
Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!
Сіздердің балаға білім мен тәрбие берудегі жауапкершілігі мол тынымсыз адал қызметтеріңіз оң нәтижелерін беруде. Ауданымыздағы білім сапасы жыл сайын артып, шәкірттеріміз аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы атануда. Осындай жетістіктерге бастап отырған барша ұстаздарымызға және бірлесе отырып аса жауапкершілікпен бала тәрбиелеудегі ата-аналар қауымына аса зор алғысымды білдіремін.
Құрметті мектеп бітіруші түлектер!
Адамзат баласы өмір бойы білім жинайды. Өйткені, білім – жалықтырмайтын жол, таусылмайтын қазына.
Алда үлкен сынақ Ұлттық бірыңғай тестілеу тұр. Биылғы жылы да Сіздер бұл сынақтан сүрінбей өтіп, бойдағы білімдеріңізді дәлелдеп, жылдағыдай жоғары ұпай алуларыңызға тілектеспін.
Үлкен өмір жолына басқан қадамдарыңыз сәтті болып, жоғары биіктерден көріне беріңіздер! Сәт – сапар, ақжол тілеймін!
Баршаңызға жарқын жазғы демалыс, амандық пен табыс тілеймін! Келер оқу жылында жаңа белестерге бірге жетейік!
Ізгі тілекпен,
Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы
ЖӘНІБЕКОВ БЕРІК СЪЕЗДҰЛЫ















