» Аудан әкімінің білім кұнімен құттықтауы

Аудан әкімінің білім кұнімен құттықтауы




Қадірлі ұстаздар!
Құрметті ата-аналар, оқушылар!

Баршаңызды 1 қыркүйек- Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі күн – жаңа оқу жылына аяқ басып, болашаққа деген сенім мен үмітімізді арттыратын, білім мен тәрбиеге ерекше мән беретін маңызды сәт.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Тамыз конференциясында білім саласын дамыту – ұлт қауіпсіздігінің негізі екенін ерекше атап өтті. Сонымен бірге Президент оқу сапасын арттырумен қатар, тәрбиенің маңызын көтеріп: «Білімді ұрпақ – ел болашағы. Адамгершілік пен ұлтжандылық қасиет – басты бағдар болуы керек»,- деді.

Киелі Қармақшы топырағында соңғы екі жылда білім саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді.

2024-2025 оқу жылында ауданымыздың бітіруші түлектері жоғары нәтижелер көрсетіп, аудан мерейін асқақтатты. Ұлттық Бірыңғай тестілеу барысында ауданымыздың орташа балы 85,1 болып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. 54 оқушымыз «Алтын белгіге» ие болып, 48 оқушы «Үздік аттестат» алып, 100 пайыз білім гранттарын жеңіп алды. Бұл – біздің білім беру жүйесінің сапасын және оқушыларымыздың ізденімпаздығын дәлелдейтін көрсеткіш.

Жалпы алғанда, 11 сынып бітіруші түлектеріміздің 85 пайызы білім гранттарын иеленді. Сонымен қатар, ерекше атап өту керек, биыл ең жоғарғы – 138 балл жинаған екі оқушымыз да біздің ауданның мәртебесін көтерді.

Биылғы оқу жылы да айтарлықтай нәтижелі болар деп сенемін, өйткені ауданымыздың білім беру ұйымдары жаңа оқу жылына толық дайын. Осы оқу жылында 14 885 оқушы 793 сынып жиынтығында білім алатын болады. Сондай-ақ, 1 сыныпқа 1356 бүлдіршін қабылданып, білім жолындағы алғашқы қадамын жасайды. Бұдан бөлек, жылу маусымына дайындықты да уақытында атқарып, білім беру мекемелерінің жағдайын жақсартуға күш жұмсалды.

Сондай-ақ, өткен жылы 5 мектепте спорт алаңдары салынып, биыл тағы 5 мектептің спорт алаңдары жаңартылса, қазіргі уақытта Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейінің материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында жұмыстары жүргізіліп отыр.

Жаңа оқу жылында дәстүрлі түрде өткізілетін «Мектепке жол» акциясы аясында 411 оқушыға 4,5 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасыдан шыққан 3143 оқушының құжаты жинақталып, әр балаға 46228 теңге мөлшерінде қаржылай жағдай жасалды. Бұл балалардың білім алуына барынша қолдау көрсету мақсатында атқарылып жатқан шаралар.

Ең маңыздысы, 2025-2026 оқу жылынан бастап, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы іске қосылады.

Құрметті білім саласының қызметкерлері!

Сапасы жоғары білімі бар ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана еліміз бәсекеге қабілетті мемлекет бола алады. Сіздердің білімге деген еңбектеріңіз – елдің жарқын болашағына жол ашады. Бүгінгі білім күні – осы мақсатқа жету жолындағы алғашқы қадам.

Барша ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, денсаулық және отбасылық бақыт тілеймін! Ауданымыздың білім беру саласында атқарылып жатқан барлық жұмыстар жемісті болсын. Білімнің биік шыңдарына бірге жетейік!

Құрметпен, аудан әкімі, Жандос Еркінбек
---
01 қыркүйек 2025 ж. 64 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 304
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 755

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 68

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930