» » АУДАНЫМЫЗДЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІ ҰБТ-ДАН ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

АУДАНЫМЫЗДЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІ ҰБТ-ДАН ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ


2024–2025 оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу науқаны аясында ауданымыздың білім беру ұйымдарының түлектері жоғары нәтижелерге қол жеткізуде.

Атап айтқанда, 277 мектеп-лицейінің бітіруші түлегі (Байқоңыр қаласы), «Алтын белгі» иегері Жанібеков Мәди және 199 орта мектебінің бітіруші түлегі (Төребай би ауылы), «Үздік аттестат» иегері Сұлтанбеков Бақдәулет ҰБТ нәтижесі бойынша 138 балл жинап, облыс бойынша үздіктер қатарынан көрінді.

Осындай жетістіктер ауданымыздағы білім беру саласының сапасын, ұстаздар еңбегінің жемісті екенін және оқушыларымыздың зор әлеуетін көрсетеді.

Аудан әкімдігі атынан Жанібеков Мәди мен Сұлтанбеков Бақдәулетті шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыруына, таңдаған жоғары оқу орындарына сәтті түсулеріне және ел дамуына сүбелі үлес қосатын білімді, білікті маман болуларына тілектестігімізді білдіреміз.

27 маусым 2025 ж. 264 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 785
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 228

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930