» » 13 түлек мемлекеттік грант иегері атанды

13 түлек мемлекеттік грант иегері атанды

qarmaqshy-tany.kz Әне-міне дегенше жаңа оқу жылы да басталады. Жазғы демалысты артқа тастап, балалар мектепке барады. Ал оқуға түскен студенттердің бірі – Астанаға, енді бірі – Алматыға жол жүреді. Алда оларды қызыққа толы студенттік өмір күтіп тұр.
Ақтөбе ауылындағы №109 орта мектептің бітіруші түлектері үшін биылғы жыл табысты болды. Мектепті 14 түлек бітірсе, олардың 13-і мемлекеттік грант иегері атанып отыр. Оның ішінде үш бірдей оқушы үздікке бітіріп «Алтын белгі», 1 түлек «Үздік аттестат» иеленді. Атап айтар болсақ, Мағжан Әлжан мен «Үздік аттестат» иегері Шыңғыс Нұғман Астана қаласындағы ЕҰУ-дің математика факультетіне түсті. Ал қазақ тілі мен әдебиеті пәнін таңдаған қос арудың бірі Нұрбану Қазақбаева Алматыдағы қыздар университетіне түссе, Айерке Нұрғалиева Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті атанды. Өзге оқушылар да қалыс қалмады. Олар да мемлекеттік грантқа оқуға түсіп, Ақтөбе, Павлодар, Тараз шаһарына оқуға аттанғалы жатыр.
Осының барлығы білім беруден жалықпаған ұстаздар еңбегінің жанғаны және ата-ана мен мектептің тығыз байланыста жұмыс жасағандарының нәтижесі. «Білім негізі бастауышта» дегендей, мектептің білімді, жаңашыл, тәжірибелі бастауыш ұстаздары – Гүлшат Ермаханова, Жарқын Айтанованың шәкірттері биылғы жылы да ұстаздар мен ата-аналарын қуанышқа бөледі. Сондай-ақ, бастауыштан жоғары сыныпқа дейін білім бере отырып тәрбиелеген сынып жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тұрсынай Берікбаеваның еңбегі зор. Ал ҰБТ-ға дайындаған пән мұғалімдері Ботагөз Абдуллаева, Айзада Алашбаева, Ақмарал Байтанатова, Алданазар Жансейітов, Тұрсынай Берікбаева, Гүлжазира Жакупова, Айнұр Бодықова сынды ұстаздарды ұжымда беделді, білікті, білімді, жанжақтылықтары биылғы ҰБТ сынағының нәтижесімен тағы да бір дәлелденгендей. Енді кезекте мектеп ұжымының алдағы мақсаты – шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие беріп, жаңа оқу жылында да жоғары табыстарға жету.
– Мектеп ұстаздары жыл көлемінде оқушылардың тәрбиесі мен білім сапасын көтеруде үзбей жұмыс істеді. Оның нәтижесі өз жемісін берді. Түлектерімізге алдағы уақытта да мол жетістіктер тілейміз. Мектептің жүрегі болып табылатын педагогтарымызға айтар алғысым шексіз, – дейді мектеп директоры Бақытбек Алмағамбетов.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
31 тамыз 2023 ж. 431 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031