» » Аданын әкімі Жандос Еркінбектің білім күнімен құттықтауы

Аданын әкімі Жандос Еркінбектің білім күнімен құттықтауы

Қадірлі ұстаздар!
Құрметті ата-аналар, оқушылар!

Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күні мерекесімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Білім – баға жетпес рухани байлық, ғылымның іргетасы, мемлекет дамуының алтын арқауы. Өсіп-өркендеудің, табысқа, жетістікке жетудің, дәулетті өмір сүрудің негізі – терең білімде жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің барлық аумақтарында білім мен ғылымның дамуына аса мән беріліп, жастарды оқуға, жаңа ғылым мен білімді игеруге, қолайлы жағдайлар жасалуда.
Шындығында ертеңгі күн бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады. Сондықтан ел ертеңінің жарқын болуына, сауатты да салауатты ұрпақ қалыптастыруда мемлекет үшін білім саласы қашан да маңызды болып қала бермек.
Ауданда білім саласындағы атқарылған жүйелі жұмыстар мен ұстаздар қауымының қажырлы еңбегінің арқасында жас өрендеріміз жыл сайын түрлі білім додаларында биік белестерді бағындырып келеді. Өткен оқу жылында білім ошақтарында 15218 оқушы білім алып, 686 мектеп бітірушінің 649-ы, яғни 94,6 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, орташа баллдық көрсеткіші 85,9 пайызды құрап, ҰБТ-дан облыста бірінші орынды иеленді. Оның ішінде 54 түлек «Алтын белгі» және 67 түлек «Үздік аттестат» иеленді. Әрине ол ұстаздардың бірлескен жұмыстарының нәтижесі.  

Биылғы жаңа оқу жылында аудан бойынша 15210 бала мектеп партасына отырды. 1420 бүлдіршін 1 сыныпқа қабылданса, 786 оқушы 11 сыныптың түлегі болып енуде.  

Қазіргі таңда ел Президентінің бастамасы аясында білім саласына ерекше көңіл бөлінуде. Балалардың Заманауи мектепте білім алуына жағдай жасау мақсатында аймақ басшысының қолдауымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2025 жылы Жосалы кентінде және ІІІ Интернационал ауылында мектеп ғимараттарының құрылысы басталмақ. Биылғы жылы №284 мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты спорт залының құрылысы жүргізілуде. Сондай ақ, «Білімді қолдау Ұлттық қоры» арқылы Тұрмағамбет ауылындағы №29 орта мектептің 250 орынға арналған құрылысы үшін бюджеттік өтінім жолданып, 2025 жылдың есебіне жаңадан салынатын құрылыстар тізіміне енгізілген.

Құрметті білім саласының қызметкерлері!
Біздің жұмысымыздың басты нәтижесі – Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы болып табылатын жастарды тәрбиелеу.
Жаңа оқу жылында білім беру саласында үлкен табыстар мен жетістіктер болады деп сенемін. 

Сапасы жоғары білімі бар ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана еліміз бәсекеге қабілетті мемлекет бола алады. Бұл жетістікке жету үшін ұстаздарымыздың талмас еңбегі, Отанға деген сүйіспеншілігі, патриоттық сезімі кажет. Бұл біздің ұстаздардың қолынан келеді деп сенемін. «Ұстаздан озатын» шәкірттеріңіз көп болсын! 

Барша ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
01 қыркүйек 2024 ж. 89 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 121

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 136

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930