» » Аудан әкімі түлектерді құттықтады

Аудан әкімі түлектерді құттықтады



ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР МЕН АТА-АНАЛАР!
ҚЫМБАТТЫ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР!
Бүгін білім нәрімен сусындап мектеп табалдырығынан үлкен өмірге қадам басқалы тұрған барша мектеп бітіруші түлектерді шын жүректен құттықтаймын!

Қазіргі таңда елімізде жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне айрықша назар аударылып, Сіздердің сапалы да заманауи білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасалуда.

Мемлекет басшысы еліміздің тәуелсіздігін тұғырлы, ұрпақ болашағын баянды етуде жаңа ұрпаққа үлкен сенім артып, білім саласын дамытуға ерекше назар аударып келеді.

Міне, осындай қамқорлық аясында мектеп бітіргелі отырған балаларының осы бір қуанышты сәтін армандаған ата-аналар, он бір жыл бойы білім нәрімен сусындатып, адамдық асыл қасиеттерге баулыған ардақты ұстаздар ұрпақ болашағын ойлап, бір сәт толғаныс сезімдерін бастан кешуде.

Жыл сайын мектепте оқитын дарынды балалар анықталып, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға барынша жағдай жасалуда.

Әр түрлі сайыстардан ауданымыздың атын асқақтатып жүрген озат оқушылар мен пәндік олимпиада жеңімпаздарына, үлгілі спортшыларға, көпшілік қошеметіне бөленген өнерпаз дарындарға алдағы уақытта үлкен жетістіктер тілеймін. Олар білім мен тәрбие алудың жақсы үлгілерін көрсетіп, барлық уақытта аудан мәртебесін көтеруге өз үлестерін қосты.

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, білім, ар, мінез деген нәрселермен озады» - деп қазақтың данышпан ақыны Абай атамыз айтқандай, ел ертеңі Сіздерден озық ой, нұрлы ақыл, терең білім күтеміз және ел сенімін ақтайды деп үміттенеміз.

Құрметті түлектер!

Егемен еліміздің айбынын асқақтатар, үкілі үмітін ақтар жалынды жастардың қатары көбейе берсін. Олай болса, күннен күнге көркейіп өсіп келе жатқан еліміз сияқты сендер де кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінде, алыс жақын шет елдерде де еліміздің атын жақсы баянды істеріңмен, терең білімдеріңмен шығара беріңдер. Сондықтан құрметті түлектер, жарқын болашақтың кілті Сіздердің қолдарыңызда.

Барша жас түлектерді еліміздің білікті де білімді маманы атануларыңызға тілектеспін. Әрқашанда денсаулықтарыңыз мықты, келешектеріңіз кемел, болашақтарыңыз нұрлы болсын!

Үлкен өмірге басқан қадамдарыңызға сәттілік тілеймін!

Ақ жол болсын!

Ізгі тілекпен,
Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков
13 маусым 2021 ж. 851 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930