» » ТҮЛЕКТЕР ҚАНАТ ҚОМДАДЫ

ТҮЛЕКТЕР ҚАНАТ ҚОМДАДЫ

Оқу жылы аяқталып,  мектеп түлектерінің көптен күткен аттестат алатын уақыты да таяды. Сәрсенбіде Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейде 11-сыныпты бітірушілердің «Сәт сапар, жас түлек» атты орта білімін дәлелдейтін аттестат тапсыру салтанаты өтті.
Бүгінде еліміздің барлық оқу орнында оқу жылы өз мәресіне жетіп, мектеп түлектері үлкен өмірге қадам басуда. Жастарымыз ерекше көңіл-күйді бастан кешіріп, 11 жыл бойы білім нәрімен сусындаған алтын ұя мектебімен, сондай-ақ ақ жүрек ұстаздарымен қоштасқалы тұр.
– Алда ҰБТ сынағы. Осы сынақтан сүрінбей өтіп, үздік көрсеткіш көр­сетулеріңізге тілектеспіз. Қазір білім ғасыры. Әр адам білім-білігіне қарай өз бағасын алады. Сол себептен де әрқайсыңыз мектепте алған білімді ҰБТ-да айқындап, ата-ана мен ұстаздың үмітін ақтайсыздар деген ниеттеміз. Сапарларыңызға сәттілік тілей отырып, қалаған мамандық иесі атаныңыздар, – деді аудан әкімі Сұлтан Мақашов.
Мектептің үздік оқушылары – Ай­герім Жұмабекова, Зарина Әбді­реева, Гүлбейне Асқарова, Ақ­ерке Болат­бек­қызы, Мағжан Жолдасбаев, Асылхан Қаражанов, Тұрар  Орынбекұлына «Алтын белгі» мен аттестат табыс етті.
Мұнан өзге, салтанатты жиынға қа­тысушыларға құттықтауын жет­кізген аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқын Омаров бітіруші түлек  Дана Қайырғалиқызына «Үздік аттестат» тапсырды.  
Сондай-ақ, шарада аталған мектеп-лицей директоры Гүлзира Еркебаева биылғы оқу жылындағы ыстық ұядан қанаттанғалы тұрған басқа да түлектерге аттестат табыстап, шәкірттерге кемел ой, жарқын болашақ тіледі. Бала білімі мен тәрбиесіндегі ыстық-суықты қатар арқалаған білікті ұстаз, 11 сыныптың жетекшісі Эльмира Бекманова да ел алдына шығып, тарыдай болып кіріп, иығына таудай арман артқан жас түлектерге ертеңгі өмірде үлкен сенім артты. 
Салтанатта 11 жыл бойы білім нәрімен сусындап, кеудесіне «Алтын белгі» жарқыратқан Гүлбейне Асқарованың атасы, сала ардагері Асқар Мереков ата-аналар атынан сөз сөйлеп, мектеп ұжымы мен ұлағатты ұстаздарға алғаусыз алғысын білдірсе, бітіруші түлек Гүлжанат Райымбаева ҰБТ сынағында оқушылардың бар күш-жігерін салатынын айтты.
Санаулы күндерде түлектеріміз еліміздегі білім өлшемі – ҰБТ сынағына түседі. Мектептегі алған білімнің сарапқа түсер сәті де нақ осы кез. Ше­шуші шақта түлектеріміз аудан абыройын биікке көтеріп, жоғары нәтиже көрсетеріне бәріміз де сенейік.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
17 маусым 2019 ж. 1 856 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031