» » СЫҢҒЫРЫ ЖҮРЕК ТЕРБЕТІП, СОҒЫЛДЫ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

СЫҢҒЫРЫ ЖҮРЕК ТЕРБЕТІП, СОҒЫЛДЫ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

БІЛІМ КҮНІМЕН СҮЙІНШІЛЕП КЕЛГЕН ЖАС ӨРКЕННІҢ ОҚУ ЖЫЛЫН ҚО­РЫТЫП, ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСҚА ШЫҒАТЫН КҮНІ ДЕ КЕЛІП ҚАЛДЫ. БҰҒАН БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ БАЛАСЫ МӘЗ-МЕЙРАМ БОЛСА, МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТІҢ ҚИМАСТЫҚ СЕЗІМДЕ ЕКЕНІН АҢҒАРУ ҚИЫН ЕМЕС. 25-МАМЫРДА Т.КӨМЕКБАЕВ АТЫНДАҒЫ №250 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫН­ДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ, АТА-АНАЛАР МЕН ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН «СОҢ­ҒЫ ҚОҢЫРАУ» САЛТАНАТЫ ӨТТІ. ОНДА АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРКЕ­БҰЛАН МЕҢЛІБАЕВ СӨЗ СӨЙЛЕП, ЖИНАЛҒАН ЖҰРТШЫЛЫҚТЫ АЙТУЛЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ.
Биылғы оқу жылында 49 түлек мектеп қабырғасынан түлеп ұшпақ. Жалпы аталған оқу жылында мектеп оқушылары бірқатар биік белесті бағындырған. Атап айтқанда, 10-сынып оқушысы Нұрсұлтан Рысдәулетұлы география пәнінен облыстық пәндік олимпиадада ІІ орын алса, 11-сынып оқушысы Мағжан Жолдасбаев математика пәнінен облыстық олимпиадада ІІІ орын жүлдегері атанған. Сондай-ақ ол ХІ Президенттік олимпиадасында да жүлделі орыннан көріне білген жас математик. 9-сынып оқушысы Бағжан Жанұзақова математика пәнінен ғылыми жоба жеңімпазы атанса, 7-сынып оқушысы Жансая Кенжебекова информатика пәні бойынша облыстық олимпиадада үздік шығып, ІІ орынды қанжығасына байлаған. Сонымен қатар, 11-сынып оқушысы Ботакөз Болатбекқызы Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиет пәнінен облыстық олимпиадада жүлделі қатардан көрінсе, 2-4 сынып оқушылары арасында өткен «Бастау» математикалық турнирінің облыстық кезеңінде Тоғжан Ниязова, Арсен Талғат, Жібек Мұқашева, робототехника бағыты бойынша бағын сынаған 5-сынып оқушылары Нұрай Әділхан мен Алина Жомартова жүлдегерлер санын толықтырды. Ал, Алматы қаласы әкімінің кубогі үшін «Роботтар сайысына» түскен Гүлжайна Сабырбек ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Мектеп шәкіртінің жетістігі қай кезде де білім ошағы мен қадірменді ұстаз үшін үлкен мәртебе.
Салтанатта мектеп директоры Гүлзира Еркебаева, 1 «а» сыныбының сынып жетекшісі Гүлнар Бердібаева, 11-сынып оқушысы Зарина Алмасбектің атасы Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсыбай Жәкеевтер бітіруші түлектерге жалынды сөздерін арнап, алдағы білім сынағында сәттілік тілесе, 11 «а» сыныбының үздік оқушысы Әйгерім Жұмабекова 10 «г» сыныбының озат оқушысы, республикалық олим­пи­а­даның жеңімпазы Нұрсұлтан Рыс­дәулетке аманат хат тапсырды.
Шарада бітіруші түлектер Әміржан Жақсылықов, Ақерке Болатбекқызы, Гүл­жан Қанибайқызы, Гүлдана Тел­мұратқызы, Ардақ Алтайқызы, Назгүл Мырзалиева, Айкен Мұханқызы, Әділет Байкөбеков, сол секілді Серікбай Нұрғалиев, Гүлжанат Райымбаева, Назерке Әбдіқадыровалар әсем әнмен шашу шашса, «Мектеп вальсі» бітірушілердің қимастық сезімін ұялатты.
Түлектер үшін қашан да соңғы қоңырау – қимас көңіл мен жүректің нәзік қылын шерткен. Осындай зор тебіреніспен 11-сыныптың үздік оқу­шылары Гүлбейне Асқарова мен Мағжан Жолдасбаев, сонымен қатар жақында ғана мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып бүлдіршіні Малике Тұрақовалар соңғы қоңырау үнін сыңғырлата соқты. – Бүгінгі күн бәріміз үшін ерекше. Өйткені, оқушыларымыз оқу жылын сәтті аяқтап, келесі сыныпқа көшсе, жас түлектеріміздің ақыл-ойы толысып, үлкен өмірге қанаттанбақ. Сол себептен де бітіруші түлектер үшін бүгін соңғы қоңырау үні – айрықша. Өткен оқу жылында 8 оқушы «Алтын белгіге», 5 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болған болса, 53 жас түлек білім грантымен оқуға түсті. Осы жылғы бітіруші түлектерімізден де осындай үлкен жетістік күтеміз. Себебі, санау­лы күннен соң оқушылармыз 11 жыл бойы алған білімін дәлелдеу мақсатында Ұлттық Бірыңғай тестілеу сынағына түседі. Түлектеріміздің осы айтулы сыннан сүрінбей өтіп, өздерінің қалаған мамандық иесі атануына тілектеспіз, – деді мектеп басшысы.
Мұндай мерекелік салтанат ау­дан­ы­мыздың барлық білім ордаларында аталды.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
28 мамыр 2019 ж. 1 733 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930