» » Аудан әкімі Мұса Қалдарбековтың «25 мамыр – соңғы қоңырау» салтанатымен құттықтауы

Аудан әкімі Мұса Қалдарбековтың «25 мамыр – соңғы қоңырау» салтанатымен құттықтауы



ҚАДІРЛІ ҰСТАЗДАР МЕН АТА-АНАЛАР!
ҚҰРМЕТТІ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР!

Бүгін білім нәрімен сусындаған алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге қадам басқалы отырған барша мектеп бітіруші түлектерді шын жүректен құттықтаймын! Соңғы қоңырау үні – бозбала мен бойжеткендердi аман биіктеріне ұшырып, үлкен өмір мектебіне шығарып салады.
Сіздер үшін бүгінгі қағылар күміс қоңырау үні балдәурен балалығыңыздың артта қалып, жауапкершілігі мол азаматтық биікке көтерілгендігіңіздің ескертпесі сияқты.
Қазіргі таңда елімізде жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне айрықша назар аударылып, Сіздердің сапалы да заманауи білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасалып келеді.
Осы ретте сапалы білім саналы тәрбие беру жолындағы ұлағатты ұстаздарымызға ризашылықтарымызды жеткіземіз.
Сіздерді рухани жаңғырудың өркениетті көшіне ілесіп, Елбасы армандаған «Мәңгілік Елдің» іргесін нық қалайтын зияткер ұрпақ болады деген сенімдеміз.
Ел сенімін, үлкендер үмітін ақтаймын деген талаптарыңызға нұр жауып, алдарыңыздан болашақтың даңғыл жолы ашылсын!
Барша жас түлектерді алдағы сынақтардан жоғары нәтижелер көрсетіп, еліміздің білікті де білімді маманы атануларыңызға тілектеспін. Әрқашанда денсаулықтарыңыз мықты, келешектеріңіз кемел, болашақтарыңыз нұрлы болсын!
Үлкен өмірге басқан қадамдарыңызға сәттілік тілеймін!

Ізгі тілекпен,
Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков

25 мамыр 2021 ж. 3 689 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930