Қадірлі ұстаздар! Құрметті ата-аналар, оқушылар!
Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Білім – баға жетпес рухани байлық, ғылымның іргетасы, мемлекет дамуының алтын арқауы. Өсіп-өркендеудің, табысқа, жетістікке жетудің, дәулетті өмір сүрудің негізі – терең білімде жатыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің барлық аумақтарында білім мен ғылымның дамуына аса мән беріліп, жастарды оқуға, жаңа ғылым мен білімді игеруге, қолайлы жағдайлар жасалуда.
Ауданда білім саласындағы атқарылған жүйелі жұмыстар мен ұстаздар қауымының қажырлы еңбегінің арқасында жас өрендеріміз жыл сайын түрлі білім додаларында биік белестерді бағындырып келеді.
Атап айтқанда, өткен оқу жылында облыстық пәндік олимпиададан 20 оқушы жүлделі орын алса, республикалық деңгейге 7 оқушы жолдама алып, 3 дарынды жас жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар, ҰБТ-ға қатысқан 538 түлектің 473-і конкурсқа түсіп, 385-і грантқа (81,3%) ие болып отыр. Бұл 11 жыл үздіксіз білім берген ұстаздар қауымының еңбегінің нәтижесі.
Жаңа оқу жылында ауданға қарасты жалпы білім беретін 29 мектепте 15693 оқушы мектеп партасына отыратын болса, оның ішінде 1473 оқушы мектепке алғашқы қадамын басады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 458 оқушыға артты.
Сонымен қатар, биылғы жылдың басты жаңалығы ауданда облыс әкімінің қолдауымен ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмеген 3 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балалар игілігі үшін пайдалануға беріледі.
Бүгінгі күнге Ақжар ауылындағы №28 орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталса, Жосалы кентіндегі №121 және Төретам кентіндегі №85 орта мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстарын қысқа мерзім ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ, Жосалы кентіндегі №30 орта мектебінің бу қазандығын табиғи газге ауыстыру жұмыстары басталып, жылу беру маусымында іске қосылады. Білім ордаларының бу қазандықтарын табиғи газға ауыстыру жұмыстары кезең-кезеңімен шешілетін болады.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлының тапсырмасына сәйкес биылғы «Балалар жылына» орай, облыс бойынша 50 ойын алаңы салынса, аудан бойынша демеушілер есебінен 5 балаларға арналған ойын алаңдарын салу жұмыстары бастау алды.
Одан бөлек, Жосалы кентінде құрылысы аяқталған жаз-қыс мезгілінде балалар тынығу лагерін облыс әкімінің қолдауымен Лагерь қызметін дарынды балаларға арналған мектеп-лицейіне бағыттау жұмыстар жүргізілуде.
Құрметті білім саласының қызметкерлері!
Біздің жұмысымыздың басты нәтижесі – Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы болып табылатын жастарды тәрбиелеу.
Жаңа оқу жылында білім беру саласында үлкен табыстар мен жетістіктер болады деп сенемін. Сапасы жоғары білімі бар ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана еліміз бәсекеге қабілетті мемлекет бола алады. Бұл жетістікке жету үшін ұстаздарымыздың талмас еңбегі, Отанға деген сүйіспеншілігі, патриоттық сезімі қажет! Бұл біздің ұстаздардың қолынан келеді деп сенемін! Толағай табыстар тілеймін! «Ұстаздан озатын» шәкірттеріңіз көп болсын! Барша ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.

Құрметпен, Қармақшы ауданының әкімі Ерсұлтанов Әділбек Бөрібайұлы