» » Дәстүрлі тамыз кеңесі өтті

Дәстүрлі тамыз кеңесі өтті


Кеше қармақшылық педагогтар аймақ басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлының қатысуымен өткен облыстық Тамыз кеңесіне онлайн форматта қатысты.
«Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында ұйымдастырылған кеңесте білім саласының өзекті мәселелері қаралып, үздік ұстаздар марапат мінберінен көрінді.
Аймақтық тамыз кеңесі аяқталғаннан кейін, іс-шара аудандық педагогика қызметкерлерінің алқалы жиынымен жалғасты.
Жиында сөз алған аудан басшысының міндетін уақытша атқарушы Жұлдызхан Байназарұлы педагогтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Сондай-ақ, білім саласындағы жетістіктерге тоқталып, 2021-2022 оқу жылынының қорытындысымен 385 оқушы грант иегері атанғанын тілге тиек етті. Сонымен бірге, оқушыларға білім алуға қолайлы жағдай жасау үшін аудандағы №28, №85 және №121 орта мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын баса айтты.
Одан бөлек, дарынды жастарымыз жыл сайын түрлі білім додаларында топ жарып, ауданымыздың мерейін үстем етуде. Атап айтқанда облыстық пәндік олимпиададан 20 оқушы жүлделі орын алған. Республикалық олимпиадаға 7 оқушы жолдама алып, 3 оқушы жеңімпаз атанып отыр.
Сонымен қатар, алқалы жиында ардагер ұстаздар сөз алып, өздерінің ізгі лебіздерін жеткізді. Жиын соңында білім беру ісіне зор үлес қосып, ерекше еңбек еткен бірқатар педагогтарға Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің, облыс әкімінің, облыстық білім басқармасының және аудан әкімінің «Алғыс» хаттары табысталды.

27 тамыз 2022 ж. 978 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930