» » Нұрлыбек Нәлібаев: Алдағы жылдары білім саласына бөлінетін қаржы көлемі арта бермек

Нұрлыбек Нәлібаев: Алдағы жылдары білім саласына бөлінетін қаржы көлемі арта бермек

Kyzylorda-news.kz. «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» педагогикалық тамыз кеңесі пленарлық мәжілісіне Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім саласының жан-жақты және жүйелі жұмысты қажет ететін күрделі, әрі ауқымды сала екенін айтып өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықтыбағалау – өте маңызды міндет» деп атап өтті. Бұл ретте, биылғы тамыз кеңесінің «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атауын еншілеуі құндылықтардың қай кезде де биік екенін тағы бір дәлелдеді. Себебі адамзатты кемел ойға тек білім ғана жетелейді. Президент бастамасымен соңғы жылдары білім саласында ауқымды реформалар жүзеге асырылып, педагог мәртебесін көтеруде тың бастамалар қолға алынды.Бұл өз кезегінде ұстаздарға деген айрықша құрмет, білім саласына жасаған ерекше қамқорлық. Білім – жан-жақты және жүйелі жұмысты қажет ететін күрделі, әрі ауқымды сала. Соның маңызды құрамының бірі – қаражат мәселесі», – деді облыс әкімі.
Сонымен қатар аймақ басшысы өз көзінде алдағы жылдары білім саласына бөлінетін қаржының арта түсетінін айтты.
«Биылғы жылы білім саласына бөлінген қаржы 204,8 млрд. теңгеге жетіп, облыс бюджетінің 42,8%-ын құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 17%-ға артық. Былтырғы жылы 2021 жылы 173 674,7 млн. теңгені құраған. Тиісінше, алдағы жылдары білім саласына бөлінетін қаржы көлемі арта бермек», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
26 тамыз 2022 ж. 638 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930