» » Гүлнар ӘШІРОВА: "Келешек – кемел білімде"

Гүлнар ӘШІРОВА: "Келешек – кемел білімде"

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы – өткенге есеп беріп, алдағы бағытты айқындайтын аса маңызды оқиға. Ал оның Білім күнімен тұспа-тұс келуі біз үшін ерекше мәнге ие. Осы жолғы Жолдауда да көптеген өзекті мәселе назарға алынды. Елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын әлдендіруге, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға негізделген жаңа шешімдерді естіп қуандық. «Білім саласына қатысты не айтылар екен?» деп елеңдегеніміз рас.
Күткеніміздей, Мемлекет бас­шы­сының кезекті жолдауында білім мәселесі мен мұғалімдердің жағдайы назардан тыс қалған жоқ. Президент білімге зор мән беретін елде ұстаздардың айлығы аз болмауы керек екенін алға тартып, осы бағытқа алдағы үш жылда 1,2 трлн теңге бөлінетінін атап өтті. Мұнан бөлек, Президент өз сөзінде «Мұғалімдерді моральдық және материалдық жағынан көтермелеу қажет. Білім беру жүйесіне ынталы және білікті мұғалімдер қажет. Менің ойымша, мұғалімдерді қайта даярлау қазіргідей бес жылда емес, үш жылда бір рет жүргізілуі керек» деген ұсынысын жеткізді. Бұл да құптарлық іс. Себебі, осының аясында ғылымға да айрықша қолдау көрсетілетін болады. Ғылым мен білімді басты орынға қойған елдің болашағы жарқын болары анық.
Өзім де ұстаз ретінде мемлекет тарапынан жасалып отырған әрбір көмек бізді жігерлендіре түсетінін айта аламын. Мен еліміздің дамуы мен жаңаруы жолында бар күш-жігерімізді сала отырып, еңбек етуді басты парызымыз санаймын. Бір сөзбен айтқанда, осы Жолдауда ел азаматтарының көкейіне үміт ұялатып, құлшынысын арттырарлықтай маңызды басымдықтар айтылды. Қолдап-қоштауға тұрарлық дүние көп.

Гүлнар ӘШІРОВА,
№183 орта мектептің директоры
11 қыркүйек 2021 ж. 458 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 167

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 144

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 294

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930