» » Сапалы білім - ұлттық стандарттың негізі

Сапалы білім - ұлттық стандарттың негізі


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірінші қыркүйекте Қазақстан халқына арналған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында еліміз экономикасы курсының жаңа 7 қағидатын жариялады.
Өзім білім беру саласының қызметкері болғандықтан, біздің назарымызды аудартқаны жолдаудағы білім беру саласына қатысты мәселелер болып табылады. Білім беру сапасын жақсартуда жақсы білікті мамансыз алға ілгерілеуді елестету мүмкін емес. Бұл ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы. Жолдауда шалғайдағы елді мекендерге білікті жас мамандарды жұмылдыру қажеттігі айтылды. Шалғайдағы елді мекендерде білікті жас мамандар тапшы. Жақсы маманның шетке барғысы келмейді. Осы олқылықты түзеу үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы әзірленіп еді. Бірақ нәтижесі ел күткендей емес. Сондықтан Президент Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды.
Бізге тікелей қатысты мәселе бұл оқулық сапасының төмендігі. Бұл тұрғыда оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз етуді тиісті министрліктің тікелей міндетіне жүктелді.
Білім экономикасын енгізу, білім сапасын жақсарту және т.б. іске асыру әлеуметтік жағдайына тікелей байланысты. Сондықтан оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажеттілігі айтылды. Себебі 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады екен.
Мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартпаса, бұл шаралар жүзеге аса қоймайды. Сондықтан, Президент Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырды. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз.
Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керектігі және аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырылды. Үкімет пен әкімдер осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндік жасауы керек.
Бұл тапсырмалардың барлығын адам капиталын дамытуға, жаңа типтегі білімге инвестиция салу деп атасақ болады. Расында, адами капиталды дамытуда оның басты таған-тірегі білім саласының рөлі қашанда ерекше. Аталған стратегиялық салаға инвестиция салу қоғамның әл-ауқатына ықпал етеді. Сонда бұл саясат жолдауда айтылғандай орта білім беру ұлттық стандартының негізі болады. Жалпы білім саласын дамыту бойынша берілген тапсырмалар еліміздің дамуына өзінің айтарлықтай үлесін қосары сөзсіз.
 С.ӘБІКЕНОВА,
 №79 мектеп директоры
03 қыркүйек 2020 ж. 637 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031