» » Жастар мәселесінің басты назарда болғаны бізді қуантады

Жастар мәселесінің басты назарда болғаны бізді қуантады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жариялады. Жолдаудағы жастараға деген басым бағыттары; Сапалы білім алуы, мемлекеттік қызметке тарту, отбасы және бала институтын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жандандыру, жұмыссыз және маргинал жастармен жұмыс сынды бағдарламалары, жастарға жігер береді.
Президентіміз «Қала мен ауыл мектептері арасындағы білімнің сапасы алшақтап барады. Негізгі мәселе – ауылдық жерлердегі білікті педагог мамандардың тапшылығы. Сондықтан «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 млрд теңгеге жеткізуді тапсырамын деді.
Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырамын деді.
Білім берудің орнына диплом сатумен айналысқан университеттеріміз бар екені де жасырын емес. Бірінші орында осыларға тыйым салу арқылы біз оқу орындарындағы білім беру сапасын арттыруға күш саламыз» деді.
Елдің болашағы жастардың қолында. Сондықтанда қай салада болмасын тапсырманы орындап, жауапкершілікті сезіне білу жастардан басталады. Біз жастар өзімізден бастап қолға алсақ, келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болары анық.
Ақтолқын АЛТЫНБАЙҚЫЗЫ,
жастар маслихатының депутаты.

04 қыркүйек 2019 ж. 982 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 299
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 751

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930