» » Білім сапасы жақсара береді

Білім сапасы жақсара береді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы халыққа Жолдауын мұқият тыңдадық. Жолдау барысында Мемлекет басшысы ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін айтты.
Қабырғалы құжатта білім беру сапасын жақсарту басты назарға қойылды. Мектеп оқушыларының қабілетін айқындап,  кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшу туралы сөз етті. Сонымен қатар ауылдық жердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығына байланысты «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруды қолға алуды тапсырды. Осы орайда Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 млрд теңгеге жеткізуге тапсырма берді.
Оқушыларды сапалы оқулықпен қамтамасыз ету мәселесі оңтайлы шешімін табатын болады. Сонымен қатар мұғалім мәртебесі мен олардың жалақысы тиісті деңгейде көтеріледі. Мемлекет басшысының мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуда ден қоюы білім саласы қызметкерлерін қуантуда. Біз осыған сәйкес еңбек ететін боламыз.
Алтынша Кенжеева,
№183 орта мектеп директоры




02 қыркүйек 2019 ж. 1 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 323
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031