» » Сәкен ЗӘРІПХАНОВ: «Мәселелер оң шешімін таппақ»

Сәкен ЗӘРІПХАНОВ: «Мәселелер оң шешімін таппақ»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдаған болатын. Онда қозғалған мәселе әр саланың алдағы бағытын түзеп, мақсатын айқындаған еді.
Президент Қазақстан экономикалық бағыты 7 негізге сүйену қажет екенін баса айтты. Онда ол «Экономика халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмыс істеуі тиіс. Ұлттық табыстың өсуінен әлеуметтік лифтіні тиімді қолданып, пайданы тең бөлуге қоғамдық ұсыныстың өсуі оң шешімін табуы тиіс. Сондықтан еліміздің жаңа экономикалық бағыты басты 7 принципке негізделуі тиіс» деген болатын. Қай уақытта да үлкен маңызға ие білім саласы қашанда мемлекеттің бақылауында. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Білім күні жолдаған Жолдауы ұстаздар қауымының да көңілінен шықты. Ал әлемді жайлаған вирус кезінде медицина саласына көп күш түскен еді. Дәрігерлер жұмыста айлап қалуға мәжбүр болды. Күндіз-түні жүздеген науқасқа ем-дом жасады. Ал сондай сын сағатта тартынбаған ақ халатты абзал жандардың еңбегін елеген Президент осы жолдауында алғысын білдірді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы мемлекеттігімізді нығайту жолындағы ең басты мәселелерге назар аударып, қоғам мен мемлекетімізде стратегиялық бағыттар бойынша қандай өзгертулер жасау керек екенін айқындады. Енді сол мәселелер шешімін табу үшін Жолдауға қолдау білдіру қажет. Әрі бастамалардың оңтайлы жүзеге асуы үшін қоғамның нық қадамы мен жұмыла көтерген бірлігі керек.

Сәкен Зәріпханов,
Қармақшы аудандық
Қазынашылық басқармасының басшысы

16 қыркүйек 2020 ж. 1 011 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 129

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930