» » Ел үшін маңызды құжат

Ел үшін маңызды құжат

Сәкен Зәріпханов, Аудандық Қазынашылық басқармасының басшысы:
– Дамыған озық отыз елдің қатарына кіруді көздеп, өркениетті мемлекет болу үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өсіп өркендеуінің негізі» тақырыбында Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жолдады. Жолдауды еліміздің жарқын болашағына арналған стратегиялық құжат деуге болады. Онда көрсетілген мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда атқарылатын жұмыс кезең-кезеңімен қарастырылған.
Жолдауда Президент «Бірлік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады, ол үшін мемлекетіміз халық үніне құлақ асатын мемлекет болу керек» деп түсіндірді. Сондықтан еліміздегі басты саяси күш ретінде біздің алдымызда халыққа жақын болып, оның мұң-мұқтажын білу мен оған қолдау білдіру, қоғамда туындайтын мәселелерді шешуге көмектесіп, халықпен кері байланыс орнату құралдарының тиімділігін арттыру міндеттері тұр.
Жолдау егемен еліміздің ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылық, азаматтық татулық пен келісім, серпінді экономика мен мықты әлеуметтік саясаттағы жетістіктерін нығайтып, мемлекетімізді жаңа сапалық кезеңге бағыттамақ.





17 қазан 2019 ж. 884 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 201
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031