Нақты талап – табысты болашақ
Жасұлан Мұханбетқалиев,
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі:
– Заман талабына сай өркениетті мемлекет болу үшін ҚР Президенті Қ.Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өсіп өркендеуінің негізі» тақырыбында Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жолдады.
Жолдау барысында Президент «Бірлік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады, ол үшін мемлекетіміз халық үніне құлақ асатын мемлекет болу керек» деп түсіндірді. Мемлекет дамуына Көшбасшымыз, партия төрағасы Н.Назарбаевтың сара саясатымен «Nur Otan» партиясы еліміздің саяси ұйымға жүктеген күрделі міндеттерін жүзеге асырып келеді. Ел бірлігін, ынтымағын сақтауда митингтер туралы заңнаманы жетілдіруге мән беруді тапсырды. Заңға қайшы бұзақылық әрекеттерге жол берілмейтіндігі ескертілді. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде сот шешімдерінің сапасын арттыру қажеттілігін тапсыра отырып, қоғамда әкімшілік әділет құрылымын енгізу қажеттілігі айтылды. Сонымен бірге халықты толғандырып жүрген мәселе жер мәселесіне нақты тоқталып, «жеріміз шетелдіктерге сатылмайды» деп нақты тұжырым жасады. Сондай-ақ бұл кезең әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі деп баға беріп, бірінші кезекте білім сапасын жақсартуға, екінші отбасы және балаларды қорғауға, үшінші медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға, төртінші мәдениет қызметкерлерін қолдауға мән берді. Халықты қуантарлық жайт – Президенттің қоғамда асқынып кеткен әлеуметтік жағдайларға: көп балалы аналар мен зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың жанайқайына құлақ түруді, оларды қолдауы көңілге үміт ұялатты.