» » «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»

«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық кеңесі мүшелерінің қатысуымен отырыс өткізілді.
Жиынға аталмыш қоғамдық кеңестің бірқатар мүшелері, атап айтсақ, Қызылорда қалалық мәслихат хатшысы Боханова Роза Аяғанқызы, облыстық филормонияның директоры Мақашев Талғат қатысты. «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов ашып жүргізді.
Іс – шара барысында Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында халыққа Жолдауы мен "Сенім. Диалог. болашаққа нық қадам - "Nur Otan" партиясының 7 серпіні" атты бағдарламасы негізінде алға қойылған мақсаттар аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында рухани байлықтардың бірі отбасы екендігін жөнінде талқылау жүргізілді.
Тәуелсіздік жылдарында отбасы құндылықтарын нығайту бағытында қыруар шаруа атқарылды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы, саналы да білімді ұрпақ қалыптастыруға бағытталған сындарлы саясатының нәтижесінде ана мен баланы қолдау бойынша бағдарламалық құжаттар, гендерлік теңдікті сақтау стратегиясы қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай жүйе қалыптасты.
Өкінішке қарай, қазіргі қазақ қоғамында отбасы құндылықтары құлдырауға ұшырап бара жатқаны ащы да болса ақиқат. Осы мәселе төңірегінде «Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесі мүшелері өз ойларымен бөлісті. Қазақ тарихындағы киелі отбасының идеологиясын қайта жандандыру - алға қойылған негізгі мақсаттардың бірі екендігін жеткізді.
Сондай – ақ ардагерлер, «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, үкіметтік емес ұйым және БАҚ өкілдері қатысты.
«Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесінің мүшелері аталмыш мәселелер бойынша ұсыныс – тілектер немесе идеологиялық тұрғыда шешімі табылмаған жұмыстар болса, қол ұшын созуға дайын екендерін жеткізді.
Нұр Отан Қармақшы Ауданы‎ 

12 қыркүйек 2019 ж. 1 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031