» » Гүлжаһан КЕМЕЛБАЕВА: «Сапалы білім – жарқын болашақ кепілі»

Гүлжаһан КЕМЕЛБАЕВА: «Сапалы білім – жарқын болашақ кепілі»

Білім саласы – қоғамдағы маңызды үдерістің бірі. Қай уақытта да үлкен маңызға ие бұл сала қашанда мемлекеттің бақылауында. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Білім күні жолдаған Жолдауы ұстаздар қауымының көңілінен шықты.
Жыл сайынғы Жолдауды көпшіліктің асыға күтетіні рас. Бір жағынан – өткенге есеп, болашаққа – жоспар. Мемлекеттің келесі қадамының бағыттары айқын көрінетін бұл бағдарда көптеген мәселе қарастырылған. Еріктілер мен ақхалаттыларға деген алғыспен сөзін бастаған Президент елдегі ахуалға орай бірқатар салаға қатысты сыни пікір де білдірді. Сондай-ақ жаңа бастамалар мен халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған жұмыстар тізбегін де тілге тиек етті.
Пандемияға орай қашықтан оқытуға мәжбүрміз. Онлайн білім беруде арнайы платформаның жоқтығы да аталып өтілді. Бүгінде мұғалімдер қолдан келген бар мүмкіндікті пайдаланып, whatsapp желісі арқылы сабақ өткізіп жүргені де жасырын емес. Платформа жоқ деп күтіп отыруға болмайды. Шәкіртке білім дер кезінде, уақытылы берілуі қажет. Телефоннан бас көтермейтін ұстаздардың өлшеусіз еңбегінің еленгеніне ризамыз. Сондай-ақ, болашақ ұрпақ сапалы білім алуы үшін барлық мүмкіндіктің қаралуы қажет екенін де атап өтті.
Ұстаз жалақысының 25 процентке көтеру жөніндегі шешім мұғалімдер үшін қуанышты жаңалықтың бірі. Мұндай шешім ел болашағының жарқын болуы үшін жасалған сәтті қадам.

Гүлжаһан КЕМЕЛБАЕВА,
№250 мектеп-лицей директорының тереңдетілген сыныптар жөніндегі орынбасары




01 қыркүйек 2020 ж. 1 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 691
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 435

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031