» » Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі

Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі

Білім беруді дамыту мәселесі қоғам мен мемлекетті өркендету саясаты болып табылады. Биылғы жылы 1 қыркүйекте Білім күні мерекесімен қатар еліміз әр жылы жаңа үмітпен күтетін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбына арналған жолдауда білім беру жүйесіне ерекше мән берілді.
Атап айтар болсақ, өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосатынын, орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты екеніне тоқталды. «Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» дей келіп, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынып, 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалып, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесінің толық шешілетінін айтты. Жолдауда айтылған Мемлекет басшысының әрбір тұжырымы, тапсырмасы мектептегі ұстаздар қауымының ойы- нан шықты. Жолдауда аталған барлық бағыттардың ел тағдыры үшін маңызы зор. Ұстаз – бұл жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық асыл- дарды сіңіруші болғандықтан, еліміздің заман көшіне ілесіп дамуы мен жаңаруы жолында ұстаздар қауымына аянбай еңбек ету – парыз.
Гүлнар ӘШІРОВА,
No183 орта мектептің директоры
24 қыркүйек 2022 ж. 1 158 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031