» » Ұстаздар қауымы Президент жолдауын талқылады

Ұстаздар қауымы Президент жолдауын талқылады

Биылғы жылы 1 қыркүйекте «Білім күні» мерекесімен қатар еліміздің тарихында жаңа бір саяси ахуал орын алды. Еліміз әр жылы жаңа үмітпен күтетін президент Жолдауының бұл жолы білім мерекесімен тұспа-тұс келуі халықтың назарын аударды.
Осыған орай 12.09.2020 күні Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейі ұстаздары арасында Президент Қacым-Жoмaрт Тoқaевтың «Жaңa жaғдaйдaғы Қaзaқcтaн: іc-қимыл кезеңі» aтты хaлыққa aрнaғaн Жoлдaуын жүзеге acыру мәcелелері онлайн форматта талқыланып өтті. Топтық бейнеқоңырау арқылы жүргізілген бұл жиында алдымен мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі Жұмағалиева Қарлығаш өз баяндамасында жолдаудың негізгі бағыттарымен таныстырып, қазіргі таңдағы елдегі жағдайға байланысты білім беру ісін барлық оқушыға қолжетімді әрі сапалы қылу мәселесін атап өтті.
Келесі кезекте сөз алған мектеп-лицей директоры Мұнарбаева Гүлжаһан президент жолдауында аталған барлық бағыттардың ел тағдыры үшін маңызды екенін, алайда елдің болашағы - жас ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздар қауымының атқарар жұмысы өте жауапкершілікті жұмыс екенін жеткізді.
Бүгінгі ел Президентінің жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді.Қазіргі қоғам-білімділердің қоғамы.Қай заманда да жастардың оқып, білім алу ісі шетке ысырып қоя салатын мәселе болмаған. Осы орайда білім беру саласына баса көңіл бөлініп,атқарылып жатқан жұмыстар көңіл қуантады.Ұстаздар қауымын мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қамқорлық жігерлендіреді.Еліміздің заман көшіне ілесіп дамуы мен жаңаруы жолында аянбай еңбек ету ұстаздар қауымына парыз.
17 қыркүйек 2020 ж. 964 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 124

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930