» » Әсет МЕРЕКОВ: «Көптің көңіліне сенім ұялатты»

Әсет МЕРЕКОВ: «Көптің көңіліне сенім ұялатты»

Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Ол елдің дағдарыстан кейінгі дамуының негізгі мақсаттарын айтып, Жолдаудың едәуір бөлігін экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арнады. Мемлекет Президенті елдегі коронавирустың қазіргі жағдайы туралы баяндап, адам өмірі мен денсаулығының маңыздылығы жолында алдағы уақытта жаңа шаралар қабылдайтынын жеткізді. Сондай-ақ мемлекет тарапынан дағдарыстан шығу үшін арнайы қаражат бөліп, бұрынғы жағдайды қалпына келтіруге ықпал ететінін, пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленетінін хабарлады. Мемлекет тарапынан әлеуметтік саладағы және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орындалатыны барша қазақстандықтардың көңіліне сенім ұялатты.
Ең бастысы, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында экономикалық дамудың жаңа бағыттары мен ауылшаруашылығын дамыту мақсатында шұғыл шара қабылдау қажет екеніне ерекше көңіл бөлді. Сонымен қатар, байтақ жеріміздің сатылмайтыны тағы бір жақсы жаңалық деп білемін. Өйткені ата-баба аманат еткен байтақ жер – біздің құнды мұрамыз. Бұл Жолдаудан көпшілік көкейіндегі сұрағына жауап алып, алдағы нақты мақсат пен жүрер бағытты айқындады. Ендігі кезекте берілген тапсырмалар орындалып, халықтың әл-ауқатының жақсаруына сенім мол.

Әсет МЕРЕКОВ,
"Nur Otan" партиясы Қармақшы аудандық филиалының консультанты
04 қыркүйек 2020 ж. 1 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 323
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031