» » БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН-САУЫҚ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК НАЗАРДА БОЛСЫН

БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН-САУЫҚ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК НАЗАРДА БОЛСЫН

Жаз мезгілінде балалардың ойын-сауық орындарына, әсіресе батуттарға баруы жиілейді. Осыған байланысты қауіпсіздік талаптарын сақтау аса маңызды. Батутта ойнау кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы түрлі жарақаттарға және жазатайым оқиғаларға себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді.
– Батутқа белгіленген мөлшерден артық бала жібермеңіздер;
– Әр жастағы балалардың бірге ойнауына жол бермеңіздер; – Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар;
– Батутта жүгіріп, итерісіп ойнауға болмайды;
– Батуттың қорғаныш торлары мен бекіткіштерінің дұрыстығын тексеріңіздер;
– Құрылғының техникалық қауіпсіздігіне назар аударыңыздар;
– Желді және қолайсыз ауа райында батутты пайдаланбаңыздар;
– Батут маңында өткір немесе қауіпті заттардың болмауын қадағалаңыздар;
– Балалардың аяқ киімсіз немесе арнайы жұмсақ аяқ киіммен ойнауын қамтамасыз етіңіздер;
– Ойын кезінде тәртіп сақтап, нұсқаулықты орындаңыздар.
Әсіресе желді ауа райында батуттарды пайдалануға болмайды. Ойын алаңдарында қауіпсіздік талаптарының сақталуы балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқарады.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әрбір ата-ана мен ұйымдастырушының басты міндеті. Балалардың қауіпсіз әрі көңілді демалысы баршамызға ортақ жауапкершілік.
Аудандық төтенше жағдайлар
29 мамыр 2026 ж. 56 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10508)

29 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

№38 (10506)

23 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 195
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 757

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031