Құрылтай
» » Терезе қауіпсіздігі – бала өмірінің кепілі

Терезе қауіпсіздігі – бала өмірінің кепілі



Жыл сайын жаз мезгілінде балалардың терезеден құлап кету жағдайлары жиілейді. Мұндай қайғылы оқиғалардың басты себептері – балаларды қараусыз қалдыру және терезенің қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталмауы. Көп жағдайда кішкентай балалар терезе алдындағы жиһазға шығып, москит торына сүйенеді. Алайда москит торы баланың салмағын көтермейді. Соның салдарынан бала биіктіктен құлап, ауыр жарақат алуы немесе өміріне қауіп төнуі мүмкін.
Осыған байланысты ата-аналар мен тұрғындарға төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады. Ең бірінші балаларды үйде жалғыз қалдырмау, одан кейін терезе алдына жиһаз қоймау, терезелерге арнайы қорғаныш бекіткіштер орнату, москит торына сенбеу керек. Сонымен қатар баланы әрдайым бақылауда ұстаған жөн.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды балалар қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырады. Әрбір ата-ана қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы қайғылы жағдайлардың алдын ала алады. Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
13 мамыр 2026 ж. 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 591
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 051

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31