» » БАЛАЛАРДЫҢ ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУЫ ҚАУІП-ҚАТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ!

БАЛАЛАРДЫҢ ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУЫ ҚАУІП-ҚАТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ!

Балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себептің бірі – терезеден құлау оқиғасы. Көп жағдайда 2 жастан 7 жасқа дейінгі балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайды, бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қаншалықты қауіпті екенін түсінетін жаста емес.
Көп жағдайда балалардың құлауы олардың ата-анасының қарауынсыз қалуы себебінен орын алады. Қасіреттің алдын алу үшін, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі кішкентай балаларды жалғыз қалдырмауға кеңес береді. Сонымен бірге барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қоюды ұсынады.
Қайғылы жағдай болмас үшін не істеу керек? Терезедегі москиттік торларға сенбеу керек. Себебі олар құлаудан сақтауға арналмаған. Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады, балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Ең сапалы тордың өзі баланың салмағы мен қысымды көтере алмайды.
Сондай-ақ егер балаңыз бөлмеде болса, терезені және балкон есігін ашпаңыз. Бала терезеге көтеріле алмайтындай етіп жиһаздың барлық түрлерін терезеден алыстатыңыз. Сонымен қатар терезені өз еркімен аша алмау үшін терезеге арнайы бекіткіштер орнату қажет.
Егер сіз балаңызға терезеден бір нәрсе көрсететін болсаңыз, оны мықтап ұстаңыз, баланың тез қимылдарына дайын болыңыз, алақанды құрғақ ұстаңыз, баланы киімнен ұстамаңыз. Сонымен қатар балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйретіңіз. Олардың үлкендерін өзінен кішілеріне қарауға үйретіңіз.
Қандай да төтенше жағдай орын алғанда 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі
07 маусым 2025 ж. 42 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 885
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30